Фотограф бір түсірілім үшін 4 жылын су астында өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз фотографы Луи-Мари Пре (Louis-Marie Preau) жабайы табиғатты түсірумен айналысады. Оның объективіне аюлар, бұғы, үкі және т.б. жануарлар әлемінің өкілдері кірген.

Ол 15 жылдан астам уақыт құндыздардың тіршілігін бақылаған. Бірде Луи-Мари осы жануарлардың қатысуымен ерекше оқиғаны есіне түсірді.  Фотограф құндыз отбасы мүшелерін асырау үшін бұтақ, жапырақ, тал қабығын қалай апара жатқанын тамашалаған. Сол сәтте Луи-Маридің фотоаппараты болмаған, көргені жайлы тек әңгімелеп беруіне тура келген.

Құндыздың су астында жемін тауып жеу процесін бақылау үшін ол су астында жүзетін киіммен өзен түбіне сүңгіп, 2-3 сағат тапжылмай жатқан. Оның бұл ісінен тек 4 жылдан кейін ғана нәтиже шықты. Фотограф ересек құндыздың су асты інінде күтіп отырған үш баласына азық ретінде терек бұтағын алып бара жатқан сәтін түсіріп алды.