Жиын аяқталуға таяп қалды, алайда осы шараға қатысқан 800-ден астам жасөспірім қыздар мен ұлдардың есінде бұл көпке дейін қалатыны анық. «Спасск» полигонына келген жастар алдағы жиынды аса қызығушылықпен күтті. Дегенмен олар ҚР ҚК ең ауқымды және қызықты оқиғаларының бел ортасында жүретіндігін білген жоқ. Олар өздеріне қазақстандық жауынгердің рөлін сомдай отырып, әскери тапсырмаларды орындады, дене күші мен төзімділігін, патриоттық рухы мен достыққа адалдығын сынай отырып, кедергілер мен қиындықтарды еңсерді. Осынау бірнеше күн ішінде олар көптеген жаңа мәліметтер алып, теңдесіз тәжірибе мен білімді игерді, сондай-ақ жаңа дос-жарандар тапты.
02:04, 13 Маусым 2015
ФОТОРЕПОРТАЖ: 800-ден астам жасөспірім қыздар мен ұлдар «Айбын» І республикалық жастар жиынына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше «Айбын» І республикалық әскери-патриоттық жиынының үшінші күні болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.