Фоторепортаж: Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Жеңіс тарихы: әр сурет бір тағдыр» көрмесі ашылды.

Көрме майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін ұлт жадында сақтау, құрмет көрсету мақсатында музей қорындағы екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын бейнелейтін жәдігерлер негізінде ұйымдастырылған. Музей қызметкерлерінің айтуынша, көрмеде қойылған әрбір фотосурет Жеңіске үлес қосқан адамдардың жеке тағдырын ашады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Бұл соғыс әрбір қазақ отбасына әсер етті. Жеңіс үшін қазақ жауынгерлері аянбай айқасты, тылда бесіктегі баладан еңкейген қарттарға дейін тер төгіп, еңбек етті. Сондықтан бұл Жеңіс қазақ халқы үшін де үлкен мән маңызы бар. Соғыстың аяқталғанына 80 жыл өтсе де, біз тарихты терең білмей жатырмыз. Әсіресе, әскери кадрлар туралы мәліметтер аз. Сондықтан энциклопедиялар, анықтамалар дайындау керек, - деді Мемлекеттік орталық архивінің директоры Сәбит Қамытбекұлы.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Музей қабырғасында майдангерлердің фотоқұжаттары, марапаттары қойылған. Атап айтқанда, атқыш-ұшқыш, кіші сержант Бақтыораз Бейсекбаевтың марапаттары, Брест қамалының қабырғасынан алынған кірпіш фрагменті, Т.Бигелдинов, С.Д.Луганский, М.Ғабдуллин, С.Нұрмағамбетов, А.Хусаинов, Т.Қаумбаев және басқа да тұлғалардың жеке мұрағаттарынан алынған фотоқұжаттар бар.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Іс-шара аясында соғыс кезінде талай адамның өмірін аман алып қалған дәрігерлерге арналған «Ардагерлер шеруі» бұрышы ашылды. Онда Е.Садуақасова, Р.Ысқақова, М.Смирнова-Кухарская және өзге де жеңіске үлес қосқан қаһарман дәрігерлердің марапаттары, фотосуреттері мен құжаттары көпшілік назарына ұсынылды.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Көрме аясында майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің заттарын музей қорына қабылдауға арналған «Музейге сый» шарасы өткізілді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында соғыс ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына 3 млн теңгеден алатынын жазғанбыз.