ФОТОРЕПОРТАЖ: Әскерилер сарбаздарға арналған ботқаны дайындаудан шеберлік сағатын өткізді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжірибесі мол әскери аспаздар алғаш рет солдат ботқасын дайындау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Олар даладағы «ас үйде» ботқаның үш түрін әзірлеп, жиылғандарға ұсынды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Лагерьде барлық ыстық тамақ жылжымалы даладағы «ас үйде» дайындалады. Әр ас үй автономды және 125 адамды тамақтандырады. Түрлі бөлімдерде бір уақытта тағам әзірленеді, шайға арналған су қайнатылып жатады және т.б. Жеке құрамның өзге жерге көшуі кезінде бұл «ас үйі» техникаға тіркеледі. Жүріп бара жатқанда да онда ас дайындауға болады.

Шеберлік сағатынан кейін шара қонақтары, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, палаталық лагерьді аралады.

Мұнда шамамен төрт мың адам тұрады. Бұл ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін аймақтардан Астанаға келген ҚР ҚК барлық әскерлерінің әскери қызметкерлері, Қазақстанның жоғары және орта кәсіби әскери оқу орындарында оқитындар.