ФОТОРЕПОРТАЖ: ҚазАқпараттың 95 жылдығы - 3-бөлім (Астана)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА елдегі, елден тыс жерлердегі болып жатқан оқиғалар жайлы хабарларды оқырман назарына ұсынып, ақпарат жаршысы болып келе жатқанына 95 жыл толыпты.

Жедел ақпараттар көп жағдайда оқиға орнынан фоторепортаждармен сүйемелденеді. Алайда біздің фототілшілеріміз оқиғаны барынша әсерлі етіп көрсету үшін деректі түсірілім жасап қоймай, материалдарды ашық көркем түсірілімдермен безендіруге тырысады. ҚазАқпарат материалдары үнемі жарқын суреттермен безендіріледі. Бұл суреттер кез келген фотокөрменің ажарын аша түсетіні сөзсіз.

Ғимараттар мен үйлердің, көшелер мен саябақтардың әсемдігін сіздерге көрсетуге тырысатын фототілшілер үшін Астана мереке және жұмыс күндері, түрлі жыл мезгілдерінде музаға айналды. Айтулы шаралар өтетін елорданың жағалаулары, алаңдары ерекше мақтанышқа ие.

Астананың сан қыры бар. Сондықтан оған деген қызығушылық мол. Біз оның романтикалық және жас, іскерлі және талапты, спорттық тұрғыда көрдік. Күннің атуы мен батуы кезіндегі көрініс ерекше. Көшелерде түнде жағылатын миллиондаған шамдар көздің жауын алады.