Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Алаңда 68665 әскери бөлімінен 100-ден астам әскери қызметші командирімен шығып, сапқа тұрды. «Әскери қызметшінің саптық адымы өз елінің және армияның қуаттын,беріктігі мен мақтанышын көрсете алуы тиіс», - деп түсіндірді өз жауынгерлеріне капитан Мақсат Байжігітов.
Алдағы парадқа әскери қызметшілер бірнеше күн дайындалды, сондықтан қазір олар 100 пайызға дайын. Олар 17 тамыз күні Бейжің қаласына аттанып, кытайлық әскери қызметшілермен бірлескен жаттығуларға кіріседі.
ҚР ҚМ құрметті қарауыл ротасының қатарына қазақстандық армияның бетке ұстар әскери қызметшілері іріктеліп алынды. 2002 жылы құрылған рота республикалық деңгейдегі, халықаралық ауқымдағы барлық салтанатты және мерекелік іс-шараларға қатысып келеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Перзидентін ұлықтау рәсіміне, «КАDEX» көрмесін е, Астанадағы ҚР ҚК әскери парадқа, РФ ҚК 2010 жылы Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысқан.