Мессидің жалақысы мен жарнама арқылы тапқан пұлы 33 миллион еуроны (шамамен 40 миллион доллар) құрады. Үлкен футболдың сиқыршысы бұл кестеде «Лос-Анджелес-Гэлэкси» клубында өнер көрсететін Дэвид Бекхэм мен «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуды артта қалдырды. Ресейлік «Анжи» клубының шабуылшысы Самюэль Это'О-ның да біраз жиған-тергені бар көрінеді. Оның жылдық жалақысы 23,3 миллион еуроны құрайды. Бапкерлердің тізімін Жозе Мауриньо бастап келеді. «Корольдік клуб» оған жылына 14,8 миллион төлейді. ПСЖ-ның жаттықтырушысы Карло Анчелотти 13,5 миллион еуро табыс тауып отыр.
00:41, 22 Наурыз 2012
France Football басылымы әлемнің ең қымбат футбол ойыншысын атады
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең табысты футболшы боп табылады, деп хабарлады «Аламан» порталы France Football басылымына сілтеме жасап.