Франчайзингтің кәсіпкерліктегі үлесі 4 пайызды құрайды - Франчайзинг одағының төрағасы

АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Франчайзинг тәртібімен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың айналымы Қазақстанда 1 миллиард доллардан асады.

Мұны Франчайзинг одағының төрағасы Вячеслав Сидельников бүгін Алматыда өткен «Қазақстандағы франчайзингтің 2012 жылғы дамуын моделдеу» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтты.

"Қазақстанда 450 шетелдік компания таныстырылған. Олармен бірге 53-і отандық компания өздерін франчайзер деп жариялады немесе бұл мәселені қарастыруда. Ағымдағы жылы олардың 17-сі франчайзер деп жарияланды. Франчайзингтің кәсіпкерліктегі үлесі қазіргі таңда 4 пайызды құрайды. Былтыр ол 3,5 пайыз болған. Бұл салада 25 мыңнан астам адам жұмыс жасайды", - дейді В. Сидельников. Франчайзинг одағы шетелдік компаниялардың өз бизнесін Қазақстанда жүргізуге деген белсенділігін байқап отыр. Жалпы франчайзинг кәсіпкерлікі дамытуда, халықаралық сауда мен технологиялар тансфертінде маңызды рөл атқарады. Бұл міндетті шешу мақсатында биыл "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорында франчайзингті дамытудың ұлттық орталығы ашылды. Оның бағдарламалар жоспары жасалып, Даму қорымен бірлесіп "Бизнес кеңесші" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге білім беру жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ қолданыстағы франчайзинг туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобасы әзірленді.