Франция бас штабының басшысы отставкаға кету туралы өтініш берді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Франция қарулы күштері бас штабының бастығы генерал Пьер де Вилье үкімет ұсынған қорғаныс шығындарын қысқарту туралы ұсыныспен келіспегендіктен отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Енді Франция мен француздарды қорғауды қамтамасыз ету, елдің амбициясын қолдау үшін қажетті әскер үлгісінің орнықтылығын қамтамасыз етуге құқығым жоқ деп санаймын», - делінген генералдың мәлімдемесінде.

Атап өтсек, өткен аптада парламенттік тыңдау кезінде бас штабтың басшысы ағымдағы жылы қорғанысқа шығынды 850 млн еуроға қысқарту бойынша үкіметтің жоспары жайлы ойын білдірген. Бір аптадан соң 61-ге толатын Пьер де Вилье 2014 жылғы ақпанда француздық бас штабтың басшысы болып тағайындалған. 30 маусымда оның өкілеттігі тағы бір жылға ұзартылған.