Бұл қадам өткен жылы қарашада француз парламенті мақұлдаған лаңкестікке қарсы заңды қолданудың алғашқы жағдайы болды, деп атап көрсетті елдің ІІМ басшысы Бернар Казнев репортерлермен әңгіме барысында
«Елден шығуға алты әкімшілік тыйым салуға бүгін қол қойылды, тағы 40 адам өздерінің кезегін күтуде», - деді министр. Осы алты азаматтың шетелдік төлқұжаттары мен жеке куәліктері жарты жылға тәркіленді, одан кейін тыйым салу алынып тасталады.
Қазіргі кезде Францияның 1,4 мыңға жуық азаматы Сирияға немесе Иракқа баруға ниеттеніп отыр. Ел басшылығы Таяу Шығыстан оралған содырлар елеулі лаңкестік қауіп туғызады деп алаңдауда, мұны Парижде болған қаңтардағы лаңкестік актілері қуаттайды.