Франция дүкендерінде мерзімі өтіп кеткен тағамды лақтыруға ресми тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда азық-түлік желілерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамды лақтыруға заң жүзінде тыйым салды. Сенат бұл шешімді бірауызды қабылдады, деп хабарлады БЕЛТА.

Франция - мұндай шешімді қабылдаған алғашқы ел. 5 ақпаннан бастап сауда орнынан 400 шаршы метр жерге дейін жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді тастауға тыйым салды.

Оларды мұқтаждарға бөлу үшін қайырымдылық ұйымдарына береді. Бұдан бұрын мұндай тағамдарды кей дүкендер үйсіз-күйсіздер, жұмыссыздар тұтынбасын деп хлор ерітіндісімен өңдеген. Енді қасақана бұлай істегендерге айыппұл салынады.