Франция елшісі Түркістаннан қазақ тілінде репортаж жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ Түркістан қаласынан қазақ тілінде репортаж жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елші Түркістан қаласында өтіп жатқан «Көне Түркістан - жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форумға барған. 

«Достар, бүгін біз Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне сапар шегеміз. Кесене бұрынғы Яссы қаласында орналасқан. (...) Біз Түркістан - түркі халқының астанасындамыз. Түркістан - қазақ елінің жан-жүрегі екеніне көз жеткіздім. Түркістанға екінші рет келіп тұрмын. «Бір көрген - біліс, екі көрген - таныс, үш көрген - туыс» демекші, туыс болайық, достар», - деп мақалдады Филипп Мартинэ. 

Өз жазбасында Ф. Мартинэ Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи мен оның кесенесі туралы деректерді келтірген. Түркістаннан бөлек, Франция елшісі Шығыс Қазақстан, Қостанай өңірлерін аралаған. 

Филипп Мартинэ - қазақ тілін меңгеріп, Қазақстанның туристік орындарын аралауға ден қойып жүрген елшілердің бірі. Бұған дейін Франция елшісі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен, Жаңа жыл және Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтаған болатын. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Достар, бүгін біз Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне сапар шегеміз. Кесене бұрынғы Яссы қаласында орналасқан. Яссауи деген сөздің өзі – Яссыдан шыққан дегенді білдіреді. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ахмет Яссауи XII ғасырда өмір сүрген, бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы. Le mausolée de Khoja Akhmet Yasawi, illustre maître soufi du XIIe siècle, se trouve dans le sud du Kazakhstan, dans la ville de Turkestan, appelé au moyen âge la ville de Yassi. Il a été construit en 14ème siècle sur l'ordre de Timur le boiteux (Tamerlan), alors maître de l'Asie centrale. La construction de l'édifice, interrompue en 1405 à la mort du souverain, n'a jamais été achevée. Le mausolée est l'un des exemples les plus grands et les mieux préservés de l'architecture timuride. On dit, que Timur aurait participé personnellement à sa construction, à laquelle ont été employés des maîtres artisans persans. Les innovations introduites dans l'organisation spatiale, les voûtes, les coupoles et la décoration ont servi de prototypes à d'autres édifices majeurs de la période timuride, en particulier à Samarkand. Il y a une légende locale sur la construction du mausolée. Au 14ème siècle, quand ils ont commencé à ériger les murs du mausolée, une forte tempête les emporta. Après la deuxième élévation, l'histoire se répèta. Ensuite, Timur fera un rêve où un vieil homme lui donna un conseil pour construire une première mazar (tombeau, mausolée) à Arystan Baba, en tant que professeur et mentor d’Ahmed. Timur suiva ce conseil et construisit d’abord le mazar pour Arystan Baba, ensuite pour Khoja Akhmet Yassawi. Considéré comme un exemple exceptionnel de style timuride le mausolée est construit en briques cuites et se compose de trente-cinq salles remplissant différentes fonctions. Cet édifice inachevé et a été classé au patrimoine mondial de l’humanité, par l’UNESCO, en 2003. Il a été le premier patrimoine kazakhstanais reconnu par l’UNESCO. #france #qazaqstan #turkestan #turkistan #tourisme #tourism #франция #казахстан #туркестан #туризм #форум

Публикация от Филипп Мартинэ Франция елшiсi (@philippe_martinet_france) 28 Сен 2018 в 3:14 PDT