Вести.ру хабарлағандай, Франция Үкіметінің бірде-бір мүшесі Украинадағы Еуро-2012 чемпионатына қатыспайды. Сыртқы істер министрлігі украин Үкіметін бұл жағдайдан хабардар етіп үлгерді. Бұдан бұрын Франция президенті Франсуа Олланд: «Мен футболды өте жақсы көремін, алайда Украинадағы қазіргі жағдай - үлкен мәселе», - деген болатын.
Еске сала кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Польша мен Украинада 8 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Турнир 8 маусымда Варшавадағы Ұлттық стадионда Польша мен Греция арасындағы матчпен басталады.