Франция «Еуро-2016» турнирінің қауіпсіз өтуі үшін экстремистік шабуылға қарсы оқу-жаттығу өткізді
Ішкі істер және денсаулық сақтау министрлері Марисоль Турен мен Бернар Казнев журналистермен әңгімелесу кезінде олардың мақсаты - «Еуро-2016» турнирінің барынша қауіпсіз өтуі екенін айтты.
«Еуро-2016 қауіпсіз, жайлы жағдайда өткенін қалаймыз, сондықтан да қауіпсіздікке ден қоятын тетіктерімізді тексеру үшін көптеген жаттығулар өткізудеміз», - деді «Франс пресс» агенттігіне берген сұхбатында Бернар Казнев.
Туреннің мәлімдеуінше, Еуро-2016 жарысына дайындық кезінде 2015 жылғы Парижде болған шабуылдағы тәжірибе ескерілді.
«Ең күрделісі - бір уақытта өңірдегі көп халыққа қалай жәрдем көрсету керек екенін түсіну. Ол жерде медициналық жағдай Париждегідей емес», - деді Турен.
Кезекті еуропалық біріншілік Францияда 2016 жылғы 10 маусымнан 10 шілде аралығында өтеді. Бордода төрт топтық матч және турнирдің ширек финалы өтеді.