Франция футболдан UEFA Ұлттар лигасында жеңіске жете алмай келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі негізгі кездесулер Австрия мен Франция, Дания мен Хорватия құрамалары арасында өтті.

Құрамалар А лигасы бірінші тобында сынға түседі. Австрия мен Франция 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Дания Хорватияға 0:1 есебімен жол берді.

Айта кетсек, С лигасы 1 тобында сынға түсетін Қазақстан сырт алаңда Беларусьпен 1:1 есебімен тең түссе , Әзербайжан өз алаңында Словакияға 0:1 есебімен жол берді .

Үш ойында небәрі екі ұпай жинаған Франция өз тобында соңғы орында тұр.

Бұл күнгі өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

В лигасы 2 топ

Албания - Израиль 1:2


D лигасы 1 топ

Молдавия - Латвия 2:4

Андорра - Лихтенштейн 2:1

Енді 11 маусымда үшінші тур ойындары жалғасады.