Француз астанасында өнер қазынасы толы 173 музей бар. Сарапшылардың есептеуінше, бір ғана Орсе коллекциясын сатудың өзі мемлекеттің несиешілермен есеп айырысуына мүмкіндік берер еді. Алайда француз заңнамасы мемлекеттік музейлер экспонаттарын сатуға жол бермейді. Сондықтан да Париж тыйым салынбаған дүниенің бәрін: Елисей сарайының ұрасындағы шарапты, Салтанатты аркадағы бұрынғы халықаралық конференция залы ғимаратын сатпақ.
Осы сияқты Португалия да Жоана Миро шығармаларының коллекциясын 36 миллион еуроға сатуға шығарып, салық жүгінен құтылмақшы. Лиссабонның мемлекеттік қарызы - 210 миллард еуро.
"Мона Лиза" - Леонардо да Винчи 1503-1505 жылдары салған картинасы. Оның толық атауы «Лиза де Джокондо ханымның портреті». Онда да Винчи флоренциялық жібек сататын саудагердің зайыбы Лиза Герардиниді бейнелеген. Өнердің ең танымал туындысы1911 жылы ұрланды, одан кейін де бірнеше рет шабуыл жасалды. Сондықтан да 50 жылдары картинаның беті оқ өтпейтін әйнекпен жабылды. Қазір Луврға қойылған.