деп жазады «РБК daily» газеті.
Елдің Премьер-министрі Франсуа Фийон құрамында қанты бар алкогольсіз сусындарға салық салуды енгізуді ұсынады. Сол арқылы Париж екі мақсатқа қол жеткізуді көздейді: біріншіден, ұлттың денсаулығын сақтауды ойласа, екіншіден, бюджеттің қалтасын қампиту.
Жаңа енгізілетін салық өз күшіне келесі жылдан бастап енеді және қазынаның қоржынына жылына 120 млн. еуро алып келеді деген болжам бар.