АСТАНА. ҚазАқпарат – Лион-Турин бағытындағы теміржол құрылысына қарсы бірнеше мың адам ереуілге шығып, полиция көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Франция мен Италия арасында теміржол салуға қарсы топтың наразылық акциялары полициямен қақтығысқа ұласты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша 4 мыңнан, полиция мәліметі бойынша 3 мыңнан астам адам Савойяның оңтүстік-шығыс департаментіндегі Сен-Реми-де-Морьенде наразылық білдірді.
Белсенділер Франция мен Италияны жалғайтын жоғарыжылдамдықты магистраль құрылысын тоқтатуды талап етті. Олардың ойынша, бұл жол сыртқы өзгерістерге сезімтал саналатын Альпі аймағының табиғатына орасан зиян келтіруі мүмкін.
Наразылық білдірушілер жергілікті жердегі теміржол мен автожолдарды бөгеп, пойыздар қозғалысы тоқтады.
Тәртіп сақшыларын таспен атқылап, олар көзден жас ағызатын газ қолданды.
Альпідегі ұзындығы 57 км астам тоннелі бар Лион-Турин жаңа теміржол желісі Еуроодақтың қолдауымен салынып жатыр. Жоба құны 26 млрд еуродан асады.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.