Франция орталығында жол апатынан кейін 200-ден астам шошқа көлік қозғалысын бөгеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда аударылған жүк көлігінен 200-ден астам шошқа қашып шықты. Сейсенбіде Пуатье қаласында болған жол апаты жайлы BFM TV телеарнасы хабарлады.

Оның деректеріне сәйкес машина париж ауданынан Бордодағы қасапханаға бірнеше жүздеген шошқа апара жатқан.   Даңғыл жолда келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Ол ондаған метр қоршауды бұзып өтіп, аударылып кеткен.

Жүргізуші аздап жарақат алды. Малдың көбі қырылып  қалды, біразы қорап сынықтары арасынан шыға алмай қалды. Тағы 200-дей шошқа жолға қарай қашып, көлік кептелісіне алып келді.

Кептеліс жеті шақырымға жетті. Ветеринарлық қызмет қызметкерлері оларды ұстауға тырысып бағуда.