Парламенттің төменгі палатасының қарауына, бұған дейін палаталардың келісу комиссиясы арқылы өткен және нақты түрде Сенатты мақұлданған заң жобасының мәтіні қайта ұсынылған болатын. Құжат Ұлттық жиналыста 336 қолдау дауысын алса, 233 «қарсы» дауыс алды. Осылайша, ел Президенті Николя Саркозидің бастамашылығы бойынша әзірленген, ұзақ уақыт қаралып, қызу талқыланған заң жобасын Франция парламенті мақұлдады.
Заң жобасының елдің Ата заңына сәйкестігі қуатталғаннан кейін, құжат Президент Николя Саркозиге жолданады. Ал Президент қол қойғаннан кейін, бұл заң қараша айының ортасында күшіне енеді деп күтілуде.