Франция полицейлері дрон аулайтын қырандарды көрсетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция полициясы рұқсатсыз ұшырылған дрондардың жолын бөгейтін төрт қыранды көрсетті. Бұл туралы Digital Trends жазды.

Құстарды құрылғыларды аулауға балапан шағынан баулыған. Олар ұшуды білмей жатып, жердегі дрондарды аулауға кіріскен. Әрбір аулаған құрылғы үшін ет беріп отырған.

Қырандарды негізінен ең көп таралған DJI Phantom 4 Pro немесе Mavic  секілді аппараттарды аулауға үйреткен. 
 

Полицейлер оларды әуе кеңістігенің тыйым салынған бөлігін - әуежайлар мен түзету мекемелерін жеке дрондардан қорғау мақсатында қолдануды жоспарлауда.

Қырандар Бастилияны алу күні секілді халықтық серуендер, халықаралық конференциялар мен саммиттер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.