Франция президенті күйеуін өлтірген әйелге кешірім жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президенті Франсуа Олланд зорлық-зомбылық көрсетіп келген күйеуін өлтіріп, 10 жыл түрмеде қамау жазасы кесілген 68 жастағы Жаклин Сважға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп мәлімдеді «Би-би-си».

Саваждың күйеуі жұбайын және қызын жылдар бойы соққыға жығып келген, сондай-ақ ұлын қорлап, өз-өзіне қол салуына себепкер болған.

Ұлы өз-өзіне қол салған күннің ертесіне Саваж күйеуін өлтірді. Бұл іс Францияда көптің талқысына түсіп, 400 мыңнан астам адам петицияға қол қойып, президенттен әйелге рақымшылық жасауын сұраған.