Франция президентінің рейтингісі үш ай бойы төмендеп келеді

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Франция президентінің сайлауында көктемде жеңіп шыққан социалист Франсуа Олландтың француздар арасында танымалдығы төмендей түсуде.

 Оның рейтингісі үшінші ай бойы төмен сырғып келеді, деп хабарлады Рейтер агенттігі француз БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Тамыз айында француз көшбасшысының рейтингісі 54 пайыз болды. Мамыр айында бұл көрсеткіш 61 пайыз болған еді. Президенттің танымалдығының төмендеуі Францияда жұмыссыздық деңгейі төмендеуінің және экономика құлдырауының сақталуымен байланысты. 2013 жылы Франция Еуроодақтың бюджет жетіспеушілігі бойынша жаңа талаптарына сай болуы үшін мемлекеттік бюджетті 33 млрд. еуроға қысқартуына тура келеді.

Француз үкіметінің басшысы Жан-Марк Эро да өзінің танымалдығын жоғалтуда. Тамыз айында оның рейтингісі 4 пунктке төмендеп, 57 пайызды құрады. Премьер-министр болған алғашқы екі айда оны француздардың 65 пайызы қолдаған болатын.     

Сауалдама 23-24 тамыз күндері 18 жастан асқан 920 француздың арасында жүргізілді.

Тағы бір мәліметтер бойынша тамыз айында француздардың 49 пайызы Ф.Олландтың көшбасшылық қасиеттеріне сенім білдірді, бұл шілде айындағы көрсеткіштен 5 пайызға аз.

Ф.Олланд  Франция президенті орынтағына 2012 жылғы 6 мамырда сайланды. Ол - Ф.Миттераннан кейінгі екінші социалист-президент.