Франция Сенаты Қазақстан мен ЕО келісімін ратификациялауға қатысты заң жобасын талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық пен кеңейтілген әріптестік туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасын Франция Сенаты талқылайтын болады.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Франция Сенатында Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиев сенатор Паскаль Аллизарға Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы ынтымақтастық пен кеңейтілген әріптестік туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасын қабылдау мәселесін баяндады.

Құжат мәтіні ағымдағы жылдың 15 ақпанында француз Парламентінің жоғарғы палатасында сайлауға ұсынылатын болады.

Кездесу барысында Халықаралық істер бойынша комитетінің ЕО-ның елімізбен әріптестігінің жаңа болашағына, адам құқықтары мен демократия саласына, терроризммен күресу және жаһандық қауіп-қатерге тойтарыс беруге қатысты сұрақтарына, сонымен қатар Астананың бітімгерлік ықыласы жайында Елші толыққанды жауап берді.

Отандық Қазақстан елшісі «Франция-Орталық Азия» достығы жаңартылған тобының жетекшісі Натали Гуле, Қазақстанмен әріптестік істері бойынша тағайындалған сенатор Ренэ Данези және өзге де парламент мүшелерімен кездесу өткізді. Тараптар парламентаралық әріптестікті, оның ішінде ЕҚЫҰ ПА шеңберінде әріптестікті одан әрі дамытуды және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы әсерімен екіжақты алмасуды ұлғайту мәселелерін талқылады. Сөз барысында Елші француз көшбасшысы Эмманюэль Макронның Давос экономикалық форумында айтып өткен түйінді тезистері Қазақстан Президентінің қойған жаңа мақсаттары мен міндеттері тұсында көзқарастарының ұқсастығын атап өтті.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Елшінің достық тобының мүшелерімен жүйелі түрде кездесулер жүргізуіне және орталықсыздандырылған ынтымақтастық аясында француз аймақтарына бірлескен іс сапарларды ұйымдастыруға қол жеткізілді.