Франция соты банкир Әбіләзовті экстрадициялау туралы шешім қабылдады

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Франция соты бейсенбі күні қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовті Украинаға не болмаса Ресейге экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте басымдық ресейлік тарапқа беріледі, деп хабарлады ria.ru.

Осылайша, сот өткен жылдың 12 желтоқсанындағы прокуратураның екі елдің біріне экстрадициялау туралы талабына қолдау білдірді.

БТА банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы М.Әбіләзов 31 шілде күні Францияда ұсталған болатын. Банкирді беруді Ресей, Украина және Қазақстан талап еткен болатын. Бірақ Қазақстан мен Франция арасында экстрадициялау туралы келісім жоқ.