Франция Сыртқы істер министрлігі Ниццадағы лаңкестіктен нақты қанша адам жапа шеккенін мәлім етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ниццадағы терактіден жапа шеккендердің жалпы саны - 303 адам. Бұл туралы Франция денсаулық сақтау министрілігі хабарлады, деп жазады РИА Новости.

«14 шілде күні кешке қарай Ниццада болған теракт салдарынан 303 адам ауруханаға түскен. Оның 121-і әлі де емделіп жатыр. 30-ы - кішкене балалар, барлығы да Lenval ауруханасында жатыр. 26 адам әлі де жансақтау бөлімінде. Оның 5-еуі - бала», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 14 шілде күні кешке қарай Ниццаның ағылшын жағалауында Бастилия қамалының алынуы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған отшашуды тамашалауға жиналған халықты лаңкес жүк көлігімен таптап өткен. Оқиға салдарынан 84 адам қаза тапты.