Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, чемпионатта еліміздің ескі әнұраны орындалған соң қазақстандық делегация Қазақстанның Париждегі Елшілігімен бірге француз тарапына наразылық білдірген. «Осыған байланысты француз тарапы, нақтырақ айтқанда Францияның Ауыр атлетика федерациясының президенті қазақстандықтардан кешірім сұрауға ресми түрде уәде етті»,-деді ресми өкіл.