Осы күндері парламенттік арнайы комиссия зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруді көздейтін үкімет ұсынған құжатты шиеленіскен жағдайда қарап жатыр.
Ереуілге транспорт, энергосектор мекемелері, пошташылар, мұғалімдер, коммуналдық қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Қарсылық шараларын қолдау артып жатыр: әлеуметтік сауалнама дерегі бойынша, Франция тұрғындарының 76 % реформаға қарсы.
Қарсылық шарасына лицей мен университет оқушылары да қосылды.
Франция үкіметі реформа өткізу қажеттігін алға тартады. Премьер-министр Элизабет Борнның сөзінше, зейнет жасын көтеру – соңғы шешім және «келіссөз жүргізу құралы бола алмайды».
Фото: Thibault Camus/AP