Басылымның деректеріне қарағанда, субмаринді судың қайтуы кезінде тапқан. Тарихшылардың айтуынша, сүңгуір қайық 1917 жылдың 25-ші шілдесінен 26-сына қараған түні таяз суда қайырлап қалған.
«Оған тапсырылған міндет - мина тасу және көзделген жерге қою. Сол себепті бұл сүңгуір қайық жағалауға тым жақын келген»,- дейді жергілікті гид Винсент Шмитт.
Экипаждың 25 мүшесі эвакуацияланып, жау қолына түспесі үшін субмаринді жарып жібергені атап өтіледі. Бірақ неміс теңізшілері көп ұзамай сол маңда қолға түскен.