Францияда 8 нәрестесін өлтірген әйел бостандыққа шықты

None
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Францияда өзінің  8 сәбиін кішкене кезінде өлтіріп отырған Доминик Коттре бостандыққа шықты.

Би-Би-Си хабарлағандай, Д.Коттре сотқа оны өзінің туған әкесі зорлағандығын, қан араласуынан қорыққандықтан балаларын өлтіргенін айтқаннан кейін 2 жылға сотталған болатын.

Сот үдерісі 2010 жылдың шілде айында қыздың бұрынғы үйінің жаңа иелері бақшада ағаш отырғызу кезінде сәбилердің мәйіттерін тапқан соң басталған болатын. Сараптама нәтижелері көрсеткендей, сәбилер 1989 жылдан бастап 2006 жылға дейін өлтірілген.

Сот өз балаларын өлтірген ананы жүйке дәрігеріне қаралуға міндеттеді.