Агенттіктің мәліметінше, оқиға елші шейх Абдулла бен Рашид бен Абдула Аль Халифа әйелімен және қыздарымен Грасс қаласында демалысын өткізіп, Валорис қаласына қайтып бара жатқан кезде болған. Үш немесе төрт қаскүнем елшінің автокөлігін тоқтатып, көліктің айналасына көзден жас ағызатын газ шашқан. Артынан шабуыл жасағандардың бірі дипломатты газ баллонымен басынан ұрған.
Қылмыскерлер қымбат сағаттан басқа елшінің әйелінің сөмкесін тартып алған. Оның ішінде ақша мен жеке куәлік болған.
Тергеу ісі Грасс прокуратурасы мен полиция қызметіне тапсырылды