Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайту.
Өткізіліп жатқан шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен вице-президенті Майра Скакова қатысты. Қауымдастық басшысы З. Имашова шетелге кетіп, есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту – қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатындығын айтты.