Қазір Францияда Испания арқылы Сахарадан келген ыстық ауа райының екінші толқыны басталды. Бүгін елдің бірқатар қалаларында ауа температурасы көлеңке жердің өзінде 38-39 градусты көрсеткен. Парижде - 36-37 градус. Бір апта бұрын француз астанасында термометр көрсеткіші 39,7 градусқа дейін көтерілген. Синоптиктердің хабарлауынша, биыл жаз бойы Францияда қатты ыстық болады.
20:37, 16 Шілде 2015
Францияда аптап ыстықтан 700 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция аумағының басым бөлігін қамтыған қырық градустық ыстық 29 маусым мен 5 шілде аралығы кезеңінде 700-ге жуық адамның өліміне себеп болды. Бұл туралы бүгін Франция денсаулық сақтау министрі Марисоль Турэн хабарлады, деп жазады БЕЛТА.