Он үш жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды, тағы 12 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
Ер адам көлігімен пиццерияға айдап кіріп, кешкі ас ішіп жатқан адамдарды жаншыған. Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, бұл қасақана жасалған, дегенмен, теракті нұсқасы бірден жоққа шығарылды.
«Іс-әрекеттің алдын ала жоспарланғандығы күмәнсіз. Ер адам дәмхананы қасақана бұзып кірген. Оны жандармдар дереу қолға түсірді, ол қарсылық көрсеткен жоқ», - деді Франция Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Пьер-Анри Брандеон.
Оның атап өтуінше, ұсталған азамат 1985 жылы туған, ол бұған дейін әділет пен барлау органдарында, полицияға жауапқа тартылмаған. «Қолда бар мәліметке сүйенсек, ол өткен аптада өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Тергеу бұл адамның әрекетіне не түрткі болғанын анықтауы тиіс. Теракті нұсқасы толығымен жоққа шығарылғандығын айта алмаймын, бірақ ол нақты басымдықты нұсқа болып табылмайды», - деп атап өтті ІІМ өкілі.