Қолда бар дерекке қарағанда, бетперде киген үш не төрт адам көшеде оқ жаудырып, артынша іздерін суытқан. Полицейлер оқиға орнынан 15 гильза мен граната тапты.
Атыс жергілікті уақыт бойынша 19: 15-те болған. Зардап шеккендердің біреуі ауыр жағдайда. Бірнеше оқ оның кеудесіне тиген. Ал екінші адам жамбасынан жараланған, үшіншісін оқ іліп кеткен.
Безансон прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады.