Францияда бір реттік пластик ыдыстарға тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан кейін Франциядағы супермаркеттерде полиэтилен пакеттерді тарату, ал 2020 жылдан бастап - бір реттік пластик ыдыстарды сату тоқтатылады.

Мұндай шаралардың мақсаты -  4 жылдан кейін Францияның қоршаған ортаға тиімді технологиялар мен әдістерді қолданатын әлемдік көшбасшы елдер қатарына қосылу болып табылады, деп жазады naked-science.ru.