Франция Ішкі істер министрлігінің басшысы Бруно Ле Ру табиғаттың дүлей күшінің салдарынан 50-ге жуық адамның жеңіл жарақат алғанын хабарлады. Құрбан болғандар жоқ деп жазады korrespondent.net.
Қыстың күні болған қуатты жел бүгін түнде елдің жекелеген аудандарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген. 1 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Пикардияда 70 мың үй, Нормандияды 65 мың үй жарықсыз қалды.
Дауылдың салдарынан кейбір аудандарда пойыздардың қозғалысына тыйым салу қажет болды. Бове әуежайында барлық рейстер кейінгі қалдырылды. Бірнеше мектепте оқу тоқтатылды.