Мемлекет басшысы сайлауының алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша көбірек дауыс алған екі кандидат қана екінші турға өтіп, президенттік лауазым үшін күресетін болады.
Сарапшылардың атап өтуінше, әзірге президенттік сайлаудың бірінші кезеңінің қалай аяқталуы беймәлім. Өйткені бұл саяси додаға күмәнмен қараушылардың пайызы жоғары болып отыр.
Сайлауға екі апта қалған кезде жүргізілген сауалнамаға сәйкес, француздардың үштен бірі әлі күнге дейін кімге дауыс берерін шешпеген.
Осы соңғы сауалнамаға қарағанда, олардың арасында Эмманюэль Макрон, Марин Ле Пен, Франсуа Фийон және Жан-Люк Меланшонның мүмкіндігі өзгелерден жоғары.
Францияда 45,6 млн сайлаушы бар. Бұған қоса өзге елдердегі 1,3 млн француз да дауыс беруге қатыса алады.
Президенттік сайлаудың екінші туры 7 мамырға жоспарланған.