Францияда бүгін Ұлттық әжелер күні атап өтілуде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда жыл сайын наурыз айының бірінші жексенбісінде әжелер күні атап өтіледі, деп хабарлайды calend.ru.

Бұл күні барлық әжелерге, жалпы 55-тен асқан әйелдерге ерекше құрмет көрсетіледі. Осыған орай Францияда 65 жастан асқан қарияларға сауалнама жүргізілген. Сұралғандардың 67,3% өз өмірлерінен және елдегі саяси жағдайдан гөрі өз отбасыларының қамын көп ойлайтынын айтты. Әжелердің 82,8% өмірлерінің мәні ретінде немерелерін атаған. Бір қызығы, сауалнамаға қатысқан кейуаналардан күнделікті немен айналысатынын сұрағанда 48,2% немерелеріне үй тапсырмасын орындауға көмектесетінін мойындаған. Бұл күні француз әжелері сықиып киініп, шарап ішіп, бадам қосылған тәтті тоқаштар мен балмұздақ жеп көңіл көтереді. Ал балалары оларды сый-сияпатқа бөлейді.