Францияның министрлік өкілдерін таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен жылы осы мереке кезінде 855 көлік өртенген. Елдегі басты мерекені тойлау кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған 368 адам қамалған.
«Елдің бірқатар қалаларында құқық қорғау өкілдеріне шабул жасау оқиғалары болды. Оның салдарынан 30-ға жуық полиция мен әскери қызметкерлер зардап шекті», - деп атап өтті министрлік өкілдері.
Айта кетейік, елдегі мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігін 86 мың полиция қызметкері, сондай-ақ «Сантинель» күзет операциясы аясында 7 мың әскери қызметкер қадағалады.