Биылғы жылы өртенген көліктер саны өткен жылмен салыстырғанда жүз көлікке аз. Автомобильдер бүкіл Францияда өртелді, бірақ әдейі өртеудің ең көп оқиғасы Парижде, елдің шығысында, сондай-ақ Жоғарғы және Төменгі Рейн департаменттерінде тіркелген.
Тәртіп сақшылары тыныштықты бұзған 300 адамды ұстады. Бұл жолы құрбандарсыз болмады. Эйфель мұнарасына қарама-қарсы орналасқан саябақта төбелес болып, соның салдарынан 17 жастағы франциялық азамат пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.