Францияда дәрі-дәрмекті сынаған мамандар уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда жаңа дәріні сынағаннан кейін бірнеше адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, біреуі ес-түссіз жатыр, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға елдің солтүстік-батысындағы Ренн қаласындағы жеке зертханалардың бірінде болған.

Франция прокуратурасы тергеу жұмыстарының басталғаны жайлы мәлімдеді.

Дәрі-дәрмекті сынау шарасы дереу тоқтатылған, ал оған қатысқандар шығарылғаны хабарланды. Дәрінің атауы құпия ұсталып отыр, алайда бұл қарасора негізінде жасалған ауырсынуды басатын дәрі деген нақтыланбаған мәлімет бар.