Оқиға По қаласының маңында болды.
Апатқа TGV желісіне кіретін жоғары жылдамдықты жүрдек пойыз қатысқан, онда 170-тен астам жолаушы болған. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, апат кезінде пойыз жай жүріп келе жатқан.
Бұл оқиғаның себептері әзірге белгісіз. Өткен жылы Париж түбінде пойыз аударылғаннан кейін Франциядағы теміржолдар желісіне ауқымды жөндеу жұмыстары қажеттігі айтылған еді.