Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл әлемдегі ұшатын электрлі ұшақтың алғашқы модельдерінің бірі. Оның қанатының ұзындығы 5 метрге жуық, салмағы - 91 келі. Жасаушылар осы коммерциялық модельдің ұшу сипаттамалары өте жақсы екенін мәлімдеуде.
Қазірде бұл ұшақ жарты сағат бойы сағатына 110 шақырымдық шапшаңдықпен ұша алады. Бұл машинаны жасаушылар оның сапалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта түспек.