Францияда ер адам үш жандармды атып өлтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Франциядағы Пюи-де-Дом департаментінде 48 жастағы ер адам үш жандармды атып өлтірді. Бұл туралы ел прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BFM телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, құқық қорғау органдарының тағы бір қызметкері жарақат алған.

Жандармдар қаскүнемнен жасырынған әйелге көмек көрсету үшін келген.