Францияда футболдан Еуропа чемпионаты басталды
01:11, 11 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, Астана уақыты бойынша 01:00-де Францияда футболдан Еуропа чемпионаты басталды.
Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада алғаш рет 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матчты тамашалай алады.
Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.
Бүгін түнде чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті және Франция-Румыния алғашқы матчы өтуде. Бұл кездесуді «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетілуде.