Ле-Маннан шығып, Ренге қарай бағыт алған жүрдек пойыздың ішінде 450 жолаушы болған. Апат салдарынан трактордың жүргізушісі мен пойыздың машинисі жарақат алды.
Бұл Франциядағы пойыздың қатысуымен болып жатқан екінші оқиға. Бұған дейін «Марсель-Мадрид» бағыты бойынша келе жатқан жүрдек пойыздың локомотивінен өрт шығып, 250 жолауышының қауіпсіз жерге көшірілгені хабарланған болатын.