Францияда Ким Кардашьянға шабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде белгісіз біреулер Ким Кардашьянға шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости CNN-ге сілтеме жасап.

Телеарна ақпаратынша, белгісіз біреулер полицейлердің формасын киіп, фотомодельдің қонақ үйдегі бөлмесіне басып кіріп, оған тапанша кезеніп, бірнеше сағат бойы жібермей ұстап отырған.

Ким Кардашьянның өкілі фотомодель жапа шекпегенін, алайда, қатты қорқып қалғанын айтты. Оқиғаға қатысты өзге мәлімет әзірге хабарланбады.