Францияда коронавирусқа байланысты шектеулер 11 мамырға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Францияда коронавирусқа байланысты қойылған шектеулер 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Шұғыл штабқа сілтеме жасап хабарлайды.

Италияда коронавирусты тағы 3 153 адам жұқтырғаны белгілі болды. Бұл елде COVID-19-ды жалпы 159 516 адам жұқтырған.

Бұған қоса, жақында тағы 566 адам вирустың кесірінен көз жұмды. Италияда барлығы 20 465 адам коронавирустан қайтыс болды. Қазіргі таңда 1 046 910 тест жасалған. Соңғы мәлімет бойынша 3 153 адам жазылыап шыққан, жалпы 159 516 адам ауруынан айыққан.

Сондай-ақ, Үндістанда бір тəулікте коронавирусты жұқтырған 1 248 жағдай анықталды .
Барлығы 10 453 адам вирусты жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 358-ге жетті.