Францияда коронавирустың жаңа штаммы тіркелді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Францияның денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустың жаңа штаммы тіркелгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Франция министрлігінің хабарлауынша, қауіпті вирустың жаңа штамм белгілері анықталған тұрғынТур қаласында тұрады. Ол 19 желтоқсанда Лондоннан ұшып келген. Ер адамда ауыру белгілері симптомсыз өтуде және қазіргі кезде ол оқшауландырылған.

Nextstrain мониторинг сервисінің деректері бойынша, коронавирустың жаңа штаммы Дания, Аустралия және Нидерланд елдерінде тіркелген.

Еске салсақ, жақында Ұлыбритания коронавирустың жаңа штаммы анықталғаны жарияланды.

Сонымен қатар, Қытай коронавирустың жаңа штаммы анықталған Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты.